ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Баланың көшедегі қауіпсіздігі. Мамандардың ұсыныстары.
25-06-2020 16:20

 

 

Жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақыттары көп болып, олар оны көбіне өздеріне арнайды. Баланы далаға шығарар бетте, оның қалада қалайша абай болуы туралы дайындық жасау қажет. Бала, далаға жалғыз шыққан кезде, экстремалдық жағдайға автоматты түрде кездеседі, деп есептеуге болады. Бұл жағдайда біздің балаларымызға қандай келеңсіз жағдайлар төнеді?

         Балаларға жиі кездесетін ауыр жарақат пен қайғылы жағдайлардың себебі – жол апаты оқиғалары болып табылады. Балалардың психикалық ерекшелігі, олар тек бір затқа ғана назарларын аударады (басқаларды бала көрмейді). Бұл жағдай бұл олардың қорғаныссыздығын жоғарылатады. Сондықтан балалар кішкентай кездерінен бастап, жол ережелерін біліп, білімдерін іс жүзінде, тәжірибеде ұштау қажет.

         Бұдан басқа, бала отпен ойнаудың қауіпті екендігін білуі керек. Оған тұрмыстық электрқұралдар және газ жабдықтарын қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіріңіз. Балаларға өрт шыққан жағдайда тәртіп ережелерін естеріне салыңыз, сіздің балаңыз 101- немесе 112 (ұялы телефон бойынша) өрт күзеті телефонын білетініне көз жеткізіңіз.

         Статистиканың көрсетуі бойынша, өрт кезінде балалар қорқатындықтан оңаша бұрыштарға – кереует астына тығылып, ішіне жасырынады. Бұлай жасауға болмайтынын түсіндіріңіз! Бала өрт шыққан жерден тез арада шығуы керек және өрт кезінде лифті пайдалануға болмайды.

         Енді лифтке қатысты, бұл балалар үшін қауіпті жер. Балаға лифті ұқыпты пайдалану, оның ішінде секірмеу, бір ғана - оған қажетті қабаттың түймесін басуды түсіндіруге тырысыңыз.

         Балаларға қоғамдық көліктегі қауіпсіздік ережесін түсіндіру қажет. Балаларға көлікте немесе көшеде біреулер қалдырған иесіз тұрған: сөмкелер, қаптар, қораптар, чемодандар, ойыншықтарға және күмәнді заттарға тиісуге болмайтынын түсіндіріңіздер.

         Су толған тоғандар, каналдар, өзендер, шұңқырлар және орлар – балалар үшін қауіпті. Судың жағалауында бала ТЕК ҚАНА ҮЛКЕНДЕРМЕН БІРГЕ болулары қажет! Жыл сайын балалар тек қана өзендер мен тоғандарда суға кетпей, әртүрлі шұңқырлар, құрылыс шұңқырлары, тіпті бөшкелерде суға батып жатқанын естен шығармау қажет. Өмірінің алғашқы жылынан бастап, бала су жағасында өзін ұстауды білуі және малтуға үренуі қажет.

         Тағы бір жағдай балалар үшін қауіпті ол – танымайтын адамдар. Кішкене кезінен бала адамдардың әртүрлі болатынын және тек қана жақсы білетін адамдармен қатысу керектігін білуі қажет. Танымайтын адамның қандай да болмасын ұсынысын қабыл алмау керек. Баланы әйел адамдарға, құрдастарына тіпті өзінен кішілерге де сенбеуіне үйретіңіз, өйткені олар алдап қара ниетті үлкендердің тұзағына түсіреді.

         Егер сіз сіздің балаңыздың қауіпсіздігіне ықпал  жасағыңыз келсе, оның қатынасатын ортасын (міндетті түрде – достарының телефон нөмірін және олардың ата-аналарының есімдерін) және бала қай жерде болуы мүмкінін білу керек.

Балаға өмірінің алғашқы күнінен бастап, егер ол адасып қалса немесе күрделі жағдайға киліксе, ол көмекті сұраған бетте, көрінгеннен адамнан сұрамауы қажет.          Полиция, үлкен дүкендегі сатушы, кинотеатрдағы немесе мұражайдағы әкімшілер қандай болатынын түсіндіріңіз. Полиция немесе өрт сөндірушілердің көмегіне – ол үлкен адам  немесе бала екендігіне байланыссыз қаланың әр тұрғыны арыздануға мүмкіндігі барын балаға айтыңыз.

Балалардың көшеде қауіпсіз болуының қортындысын шығарсақ, әлемнің көптеген елі полиция тәжірибесін пайдалануға болады.

Олар «ЕШҚАШАН» ТӨРТ ҚҰҚЫҚ деп аталатын:

1.     ешқашан танымайтын адаммен сөйлеспе,

2.     ешқашан танымайтын адамның көлігіне отырма,

3.     ешқашан мектептен үйге қайтқан жолда ойнама,

4.     ешқашан қараңғы түскен соң қыдырма.

 

Павлодар облысы ТЖД ТЖАБ