Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «В зазеркалье онлайн - 2020» жоба аясында 2020 жылғы 25 маусымда «Вторая жизнь старых вещей» қалалық онлайн конкурсын өткізді. Мақсаты - экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін айқындау, дарынды балаларды қолдау үшін жағдай жасау. Конкурсқа қаланың 25 жалпы білім беру мектептерінен 74 оқушы қатысты.
Конкурс шарты бойынша - эстетикалық рәсімделуі, күрделілік деңгейі,түпкі ойының түпнұсқасы,көркемдік мәнерлігі (композициялық және түс шешімі), конструктивтік шешімінің бірегейлігі, пайдаланылған жарамсыз материал түрінің саны, жұмыс орындау кезінде шығармашылық тәсілдеме ескерілді. Кез-келген үйде пайдаланылмайтын заттар бар - босқұты, ескі журналдар, киімдер, тозған белбеулер, ол заттардан тағы пайдалануға болатын, пайдалы және әдемі заттар жасауға болады.
№ 17 ЖОМ 1 сынып оқушысы Штырбулов Елисей, түсті қарындаштан фото жиектеме жасады, өз қолымен жасалған заттар, олардың жай ғана орындалған және креативтік идеялары нәтижесінде, әрқашанда бірегей және ерекше деп белгіледі. № 9 гимназия-мектебінің 1 сынып оқушысы Оразали Рахат цилиндр формасында қатырма қағаздан, пластикалық қақпақтан, кендір жіптен өзінің мысығы үшін тырнақ тазалайтын жасады. № 29 ЖОМ 4 сынып оқушысы Смагулова Дарина, гипс қоспасын, тоқыма бас киімін пайдаланып, гүлдерге құмыра дайындады. №39 ЖОМ оқушысы Гнускина Екатерина «Девушка, порхающая в танце «Фламенго» сәнді суретпен безендірілген тәрелкеден панно дайындады. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.