Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «В зазеркалье онлайн - 2020» жоба аясында 2020 жылғы 24 - 25 маусымда «В дружбе - сила» қалалық бейнеролик конкурсы өтті. Мақсаты - танымдық, зияткерлік ынтасын белсендіру және дамыту, шығармашылық қызметке баулу, эстетикалық талғамын дарыту, талантты балаларды марапаттау және қолдау. Конкурсқа қаланың жалпы білім беру мектептерінің 1 - 6 сыныптың 64 оқушысы қатысты.
Жұмыс бағалау кезінде бейнеролик мазмұнының конкурс тақырыбына сәйкестігі, бейнеролик құруға шығармашылықпен карау, мазмұны, композициялық құрылымы және сюжет бірегейлігіне, музыкалық сүйемелдеуіне көңіл бөлінді.
Конкурс қорытындысы бойынша I орынды «Мои верные друзья» бейнеролигі № 39 ЖОМ және «Отбасының бірлігі» бейнеролигі үшін Жетекші ЖОМ оқушылары иеленді. II орынды Жетекші ЖОМ (2), № 27, 29 мектептер (3), 34 (3), 39, 43 (2) оқушылары иеленді. Олар өз жұмыстарында достарымен достық туралы, отбасындағы достық қарым-қатынас, өздерінің асыранды сүйікті жануарларының қамқорлығын бейнеледі. III орын алған № 17 (4 ), 31 (3), 36, 37 (3), 39 (2) мектеп қатысушылары сюжеттің ерекше құрылған композициясымен ерекшеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталады.