ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушыларды әртүрлі халықтың биі қызықтырады
01-07-2020 09:20
Оқушыларды әртүрлі халықтың биі қызықтырады

   2020 жылғы 29 маусымда Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығымен  «В зазеркалье  онлайн - 2020» жоба  аясында «Салем, BOLLYWOOD» қалалық қашықтық конкурсы өткізілді. Мақсаты - шығармашылық қабілетін қалыптастыру, халықтың мәдениетін оқып үйрену, музыкалық және би шығармашылығына қызығушылығын  дамыту.

   Қаланың 10 жалпы білім беру мектептерінен 5 - 8 сыныптың 41 оқушысы қатысты. Қатысушылар би және Еуропа және Азия би бағытындағы (хип-хоп, contemporary R&B, джаз, модерн, балет, belly dance) би бағыттарын көрсетті. Конкурс бағалаудың негізгі өлшемдері түпнұсқалығы, бейнематериал рәсімдеу және құруға шығармашылық жолдары, таңдалған би  стиліне қозғалысының сәйкестігі, дұрыс орындалуы, әртістілігі болып табылады.

   Конкурс қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен «Шабби және  Межансе» шығыс биін орындағаны үшін № 2 ЖОМ 7 сынып  оқушысы  Алибекова Зарина  марапатталды. Зарина Павлодарда фитнес аэробика Ассоцациясымеи өткізілген «Arabeskdans festival» конкурсының жеңімпазы және жүлдегері (2019 жыл), Семей қаласында «Восточные сказки» араб биі бойынша чемпионатта «Юная мисс жемчужина востока» номинациясында I орын (2018 жыл),  Алматы  қаласында араб биі халықаралық фестивалінде II орын (2019 жыл) алды.

   Үнді биі үшін II дәрежелі дипломмен №7 ЖОМ 3 сынып оқушысы Айтуарова Аяжан марапатталды. Ол «Достық» мектеп үйірмесінде хореографиямен айналысады, қазіргі би қалалық конкурсында III орынға ие болды (2019 жыл).№43 ЖОМ би ұжымы құрамында 6 сынып оқушылары қаланың жағажайында шығыс биін көрсетті.

  III дәрежелі дипломмен «Восток» биі үшін № 27 ЖОМ 8 сынып оқушысы Квиртия Софико, «Современный восточный танец» биі үшін № 16 лицей-мектебінің би ұжымы 8 сынып оқушылары және «Попурри» биі үшін № 29 ЖОМ 6 сынып оқушылары мараптталды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдарымен марапатталды.