«В зазеркалье онлайн - 2020» жобасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» балалардың дарындылығын дамыту және жұмыспен қамту орталығы 2020 жылдың 30 маусымында қалалық зияткерлік викторинаны өткізді. Мақсаты - шығармашылық және зияткерлік өзін-өзі жұмыспен қамтумен айналысатын дарынды оқушыларды қолдау, жазғы демалыс кезінде барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету. Викторинаға қаланың 7 жалпы білім беретін мектептерінен 5 - 7 сыныптардың 49 оқушысы қатысты.
Викториналық сұрақтар әр түрлі түсті алты сектордан тұрды. Әрбір секторда белгілі бір білім саласынан 3 сұрақ болды: тарих, география, спорт, биология. Ойын ережелері мен барысын есеп комиссиясы қадағалады. Қатысушы жауап бергенде ойын критерийлері ескерілді: белсенділік, логикалық, жауаптың тез табылуы.
Викторина қорытындысы бойынша 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І дәрежелі дипломмен № 17 ЖОМ 6 сынып оқушысы Ескандеров Қайырхан марапатталды. ІІ дәрежелі дипломмен № 17 ЖОМ 6 сынып оқушысы Пшонкин Руслан және № 36 ЖОМ 6 сынып оқушысы Мұсабаева Томирис марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломға № 34 мектептің 7 сынып оқушылары Адимов Даниил, Бызова Варвара, № 9 лицей-мектептің 6 сынып оқушысы Есенбаева Фирюза ие болды.