ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласының оқушылары оқу жылының басталуына қарай қашықтықтан сабақтарға кірісті
25-08-2020 22:53
Павлодар қаласының оқушылары оқу жылының басталуына қарай қашықтықтан сабақтарға кірісті

   2020 - 2021 жаңа оқу жылына дайындық аясында 2 - 11 сынып оқушылары үшін Павлодар қаласының барлық 43 жалпы білім беру мектептерінде 25 тамызда бірыңғай қашықтық сабақтар басталды. Білімді диагностикалау және өткен материалды қайталау бойынша сабақтар 28 тамызға дейін өткізіледі.

 BilimLand, OnlineMektep, Zoom интернет-платформалары арқылы қашықтықтан оқу процесі ұйымдастырылған.Сабақтар сағат 10.00 - ден 13.00-ге дейін 20-дан 40 минутқа дейін өткізіледі. Кестеге тарих, математика, физика, химия, орыс, қазақ, ағылшын тілдері енгізілген. 2 - 4-сынып оқушылары үшін 2 - 3 сабақ, 5 - 8 сынып - 3 - 4 сабақ, 9 - 11-сынып - 4 - 5 сабақтан өткізіледі.

   25 - 26 тамыз күндері сабақта өткен материалдарды төртінші тоқсанда тест тапсырмалары түрінде қайталау, тапсырмаларды шешу, жаттығуларды орындау, 27 - 28 тамыз күндері өткен материалды қайталау және білімді диагностикалау қорытындысы бойынша сараланған жаттығулар мен тапсырмаларды орындау сабақтары өтеді.

   Бүгінгі таңда қала мектептерінде 1 - 11 сыныптарда 46 мыңнан астам оқушы бар. 1 - 4 сыныптардағы 22256 оқушының 66%-ы кезекші сыныптарда оқитын болады.