ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық Абай оқуларында қола медаль иегері
27-08-2020 09:09
Республикалық Абай оқуларында қола медаль иегері

   2020 жылы 23 - 25 тамыз аралығында республикалық Абай оқуларында онлайн тәртібінде облыстық команда құрамында Павлодар қаласының № 25 ЖОМ 10 сынып оқушысы Мажитова Аделя қатысты. Оқуға алты номинация бойынша 8 - 11 сынып оқушылары қатысты.  

 Аделя, «Көңілім әнді ұғады» номинациясының қалалық, облыстық оқуларының жеңімпазы, республикалық оқуларда Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың» өлеңін орындады. Оқу қорытындысы бойынша ол қола медалінің иегері. «Мектепте Аделя жақсы оқиды, 12 жасынан домбыра шертеді. Ұлы қазақ жазушылары Мұхтар Әуезовтың шығармаларын, Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Шахановтың поэзиясын оқығанды ұнатады.  2019 жылы ол «Жарқын болашақ» халықаралық олимпиаданың қалалық кезеңінің басты жүлдесін жеңіп алды. Вокалдан басқа, Аделия волейбол және баскетболмен шұғылданады», - дейді оның музыка жетекшісі Балкенов Жанұзақ Корабайұлы, мектептің  музыка мұғалімі.