ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа оқу жылының басталуы
01-09-2020 18:45
Жаңа оқу жылының басталуы

   Жаңа оқужылында қала мектептерінде 46,7 мыңнан астам оқушы білім алатын болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 мың балаға көп. Сондай-ақ, бастауыш мектепте 22 мың оқушы оқиды. Бүгін мектеп табалдырығын алғашрет қаланың 4650 бірінші сынып оқушылары аттады.

  Ата-аналардың берген өтініштеріне сәйкес 1131 кезекші сыныптарда 14165 оқушыны қамтумен оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда, бұл 1 - 4 сынып оқушыларының жалпы санының 63%-ын құрайды. Павлодар қаласының барлық мектептерінде кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру үшін санитарлық-гигиеналық, санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған.

   Сонымен қатар, 10 тамыздан бастап оқушыларға компьютерлік техника берілуде. Бүгінгі таңда 5374 оқушы онлайн оқу үшін ноутбуктар алды. Оқушыларды интернетпен қамтамасыз ету мақсатында демеушілік қаражат есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарының оқушылары үшін ұялы байланыс сим-карталары сатып алынды.

  Қала мектептері қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған интернет-платформаларды анықтады: бұл «Білім land», «Күнделік», «Онлайн-мектеп» электрондық журналы. «Онлайн мектеп» білім беру контентін қосу үшін облыстық бюджеттен 7,3 млн теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.