Тұрғылықты жері бойынша ашық алаңдарда футбол добымен жонглерлік етуден облыстық онлайн - чемпионатқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 10 жасқа дейінгі, 11 - 14 және 15 - 17 жастағы 56 оқушысы қатысты. Қатысушылар жоғарғы жонглерлік бойынша - басымен және төменгі аяғымен жарысты.
Аяқпен жонглерлік ету қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 4 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Облыстық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне облыстық білім беру басқармасының грамоталары мен медальдары беріледі.
І орынды № 21 ЖОМ оқушысы Стеблюков Максим, ІІ орынды № 43 ЖОМ оқушысы Марченко Данил, 15 - 17 жас аралығындағы оқушылар арасында № 2 ЖОМ оқушысы Рыспек Темірлан, ІІІ орынды № 43 ЖОМ оқушысы Хузин Матвей иеленді.