2020 жылы 17 қыркүйекте «Қашықтықтан оқыту кезінде балаларға қалай көмек көрсету керек» бірыңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысы аясында Павлодар қаласының барлық 42 жалпы білім беру мектептерінің ата-аналарымен бірге мектептің оқу бағдарламасын игеруге балаларға көмек көрсету бойынша бірлескен жұмыс туралы мәселелер талқылады.
Жиналыста ата-аналарға балалардың жауапкершілігі және мотивациясын қалыптастыру мәселелері талқыланды, (синхрондық, бейсинхрондық, құрама) форматта оқыту туралы ,мектеп жұмыс істейтін, ақпараттық платформа туралы айтылды. Интернет жүйесімен қауіпсіз жұмыс және ата-аналар тарапынан бақылауға көп көңіл бөлу қажеттілігі туралы мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.
Жиналыс қорытындысы бойынша қашықтықтан оқыту кезінде балаларға көмек көрсету бойынша ата-аналарға әдістемелік кепілдемелер және электрондық жадынамалар берілді. Жиналысқа қатысудың пайдасы туралы № 34 мектептің 3 сынып оқушысының ата-анасы Сидорова Ирина былай деді: «Маған, ана ретінде карантин шаралары кезінде қызымның психологиялық жағдайын білу маңызды. Оған мектеп психологының жадынамасы көмектесті. Балаға интернетте жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік жөнінде ескерту артық болмайды», Касымжанова Айгүл, 2, 3, 5 сынып оқушыларының ата-анасы былай дейді: «Біздің бір баламыз кезекші сыныпта, екеуі - қашықтықтан оқиды. Жиналыста мен қашықтықтан оқытуға қатысты жауаптар алдым және интернет-платформа жұмысының мәнін түсіндім,қалай тапсырмаларды орындап және жіберу керек, мұғаліммен байланысты жүзеге асыру. Денсаулықты сақтандыру бойынша кеңес алдық». Барлығы жиналысқа 29870 аса ата-ана қатысты.