ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалар ғаламшардағы экология тазалығы үшін
29-09-2020 16:13
Балалар ғаламшардағы экология тазалығы үшін

       «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Үнем - қоғам қуаты» қалалық арнайы жобасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Біз әлемді тазалаймыз»  қашықтан қалалық акциясын өткізді. Мақсаты - адамгершілік-рухани, эстетикалық мәдениетті, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды тәрбиелеу.

         Акцияға орталықтың 2000-нан астам тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары қатысты № 2, 7, 9, 16, 17, 18, 19, , 21, 22, 23, 27, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, Кенжекөл, № 20 мектеп-лицейі. Акцияға негізінен экологиялық үйірмелермен айналысатын, экологиялық мәселелер бойынша жобалармен жұмыс істейтін, экология бойынша түрлі іс-шараларға қатысатын оқушылар қатысады.

         Акция 2 аталым бойынша өтті: «Әлеуметтік-экологиялық бейнеролик немесе «Балалар қоқысқа қарсы» анимациялық ролигі (2 минуттан артық емес) және «Біз таза қала үшін» әлеуметтік-экологиялық плакат (сыртқы жарнамада пайдалану үшін ұранмен немесе шағын мәтінмен кез келген плакаттық техникада).

         Акция қорытындысы бойынша I орынды № 28 ЖОМ 6 сынып оқушылары иеленді, олардың қатарында  «Балалар қоқысқа қарсы» бейнеролик аталымында Крупа Алина иеленді, «Біз таза қала үшін» экологиялық плакат аталымында Ефименко Аделя иеленді. II орынды Кенжекөл ЖОМ, № 17 мектеп оқушылары, III орынды № 18, 19, 34 ЖОМ оқушылары иеленді. «Мұндай акциялар жасөспірімдердің назарын қоршаған ортаның ластануы мен ғаламшардың қоқыстану мәселелерін аударуға, қоршаған әлемге шаруашылық қарым - қатынас дағдыларын дамытуға және экологиялық мәдениет пен сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - дейді орталықтың бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Әсия Әбілқайырқызы Қасенова.