ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық жасөспірімдер олимпиадасы облыстық кезеңінің қорытындысы
30-09-2020 09:08
Республикалық  жасөспірімдер  олимпиадасы облыстық кезеңінің қорытындысы

2020 жылы 29 қыркүйекте математикалық-жаратылыстану бағытта республикалық жасөспірімдер  олимпиадасының  облыстық кезеңіне 2019 - 2020 оқу жылындағы жасөспірімдер олимпиадасының аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстың 72 оқушысы қатысты. Олимпиадаға  Павлодар қаласынан бағдарламалау бойынша № 34 ЖОМ 9 сынып оқушысы Колодин Максим, химия бойынша  № 38 НОМ 9 сынып оқушысы Абдуллин Шон, география бойынша № 29  9сынып оқушысы Кузнецова Анастасия қатысты.

 Олимпиада мақсаты - оқушыларды математикалық- жаратылыстану бағыттағы пәндерді тереңінен оқуға қызығушылығын ынталандыру, резерв құруға және жоғарғы деңгейдегі олимпиадаға жасөспірімдердің дайындығының жүйесін жетілдіру. Олимпиада алты пән бойынша онлайн тәртібінде өтті. 7 - 8 сыныптың оқу бағдарламасы бойынша облыстың білім беру ұйымдарының 8 - 9 сынып оқушыларына арналған  математика, физика, биология, химия, информатика және  география бойынша өткізілді және өз ерекшеліктері болды.

Олимпиада қорытындысы бойынша  Колодин Максим, 300 мүмкіндік ұпайдан  215 ұпай жинады, 2020 жылы 28 қазанда  облыстық  команда құрамында математикалық-жаратылыстану бағытта жасөспірімдер  олимпиадасының  республикалық турына қатысады.