ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас мамандардың кәсіби-тұлғалық қалыптасуы
30-09-2020 15:37
Жас мамандардың кәсіби-тұлғалық қалыптасуы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті № 36 ЖОМ педагогикалық ұжымымен бірлесіп «ПроЛС» (жас маманның кәсіби-тұлғалық қалыптасуы) клубының отырысын өткізді. Онлайн режимде «Тайм-менеджмент және мұғалім портфолиосы» коучинг-сессиясы өтті. Коучингтік бағыттармен тренингке педагогикалық оқу орындарын бітіргеннен кейін алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған қала мектептерінің 80-нен астам жас мамандары қатысты.

Тренингте зерттеуші-мұғалімдер, № 36 мектептің жас мамандарының тәлімгерлері Копыльцова Надежда Владимировна, директордың орынбасары Турий-Ладыко Александра Игоревна, ағылшын тілі мұғалімі, Зорина Наталья Леонидовна, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, Щербинина Наталья Владимировна, бастауыш сынып мұғалімі, Садбекова Екатерина Викторовна, информатика мұғалімі, Усенова Эльвира Бақтыбековна, педагог-психолог модератор болды.

Турий-Ладыко Александра Игоревна «Тайм-менеджмент» - уақытты басқару» презентация-тәжірибесімен таныстырды. Щербинина Надежда Владимировна жас мамандарға «Заманауи сабаққа қойылатын талаптар. Сабақ кезеңдері» атты практика-презентациясын ұсынды. Зорина Наталья Леонидовна «Жас мұғалім жұмысындағы смарт-мақсаттар» презентация-тәжірибесімен мақсат қою жөніндегі жас әріптестерімен жұмыс жасады. Мұғалім портфолиосының мазмұнын толтырудың алгоритмі мен талаптары бойынша мұғалім Артемова Галина Владимировна сөз сөйледі. ZOOM режимінде «ПроЛС» клубының сабағын техникалық сүйемелдеуді Садбекова Екатерина Викторовна жүзеге асырды. Сабақ соңында психолог Үсенова Эльмира Бақытбекқызы жас педагогтарға «Эмоционалды күйзелісті қалай болдырмауға болады» деген ұсыныстар берді.

Блум таксономиясын пайдалана отырып, «Заманауи мұғалім» портретін жасау, «Тайм-менеджмент» түсінігі бойынша педагогикалық жағдайларды шешу, «Мұғалім портфолиосы» тақырыбы бойынша мәселелер талқыланып, пысықталды, «Снежный ком» рефлексиясы өткізілді.

Коучингке қатысушылардың белсенді шығармашылық атмосферасы мен оң көзқарасы шығармашылық қасиеттерді: ойлау икемділігін, байқағыштықты көрсетуге итермеледі. Коучингтер, тренингтер, практикумдар жас мамандарға мектеп ұжымдарында психологиялық бейімделуден өтуге, уақытты тиімді бөлуге және табысты педагог болу үшін бар күш-жігерін салуға көмектеседі.

2020 - 2021 оқу жылында қала мектептеріне 118 жас маман, жоғары оқу орындары мене Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің түлектері жіберілді. Қала мектептерінде тәлімгерлік мектебінің жұмысы ұйымдастырылды, зерттеуші, шеберлер мұғалімдері қатарынан әрбір жас маманға тәлімгерлер бекітілді.

         Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің «ПроЛС» клубы жас мамандардың кәсіби-тұлғалық қалыптасуы мақсатында 11 жыл бойы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Сәменқызы Нұрахметованың жетекшілігімен жұмыс істейді. Клуб отырыстарында мектеп құжаттарын жүргізу, пән мұғалімінің портфолиосын толтыру, сабақты құру әдістемесі, сабақты өзіндік талдау, сабақ жоспарларын жазу, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және ата-аналармен жұмыс мәселелері талқыланады. Сабақтар коучинг, тренинг, семинар-практикум, іскерлік ойындар түрінде өтеді. Аталған сабақтың материалдары электронды-әдістемелік дайджесте орналастырылған.