ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мұғалімдерге алғыс
01-10-2020 09:12
Мұғалімдерге алғыс

Павлодар қаласының білім беру бөлімімен мұғалімдер күніне арналған жоспарлы іс-шаралар өткізіледі. 27 қыркүйекпен 3 қазан аралығында өтетін «Ұстазыма рахмет!» акциясы - мұғалімдерге алғыс айту апталығында мектеп оқушылары мен ата-аналар ұстаздарға жылы лебіздерін білдірді.

Қаланың білім беру ұйымдарында «Ардагерлер ардағым» педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтау және құрмет көрсету бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі, «Мұғалімдерге алғыс» атты кездесулер өткізіледі.

27 қыркүйек пен 3 қазан аралығында мектептердің волонтерлік жасақтары педагогикалық еңбек ардагерлеріне жеке үйлердің аулаларын тазалауға көмек көрсету бойынша «Таза аула» еңбек десантын ұйымдастырды. Десантқа 80-нен астам оқушы қатысады.

100-ден астам оқушы мектеп мұғалімдері арасында «Өткен мен болашақтың арасында тек бір сәт бар» қалалық челленджіне қатысады. Әр түрлі жастағы 1500-ден астам оқушы әлеуметтік желілерде сөз сөйлейді, мұғалімдеріне құттықтау хаттарын, бейне құттықтауларын жариялайды.

30 қыркүйек күні Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің түлектері өз педагогтары үшін «Жүректен шыққан құтықтаулар» атты концерттік бағдарламамен өнер көрсетеді. Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері апта бойы «Ұстазына гүл салып сыйла» суреттер челленджіне қатысады, педагогтарға арналған 120-дан астам жұмыстар ұсынылады. «Халық радиосымен» бірге Павлодар қаласының № 21 мектебінің ата-аналары, түлектері, жас мамандары, оқушылары құттықтау сөз сөйлейді.