ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ классикалық музыкасының концерті
01-10-2020 17:08
Қазақ классикалық музыкасының концерті

   2020 жылдың 29 қыркүйегінде Павлодар қаласы балалар музыка мектебінің оқытушылары мен оқушылары - қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқов пен белгілі қазақстандық композитор Нұрғис Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн-концерт өткізді. Мақсат - қазақ классикасы шеберлерінің тамаша туындыларын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.                                                                                     

    Концерттік нөмірлер тыңдаушыларға музыкалық бейне дәрістердің сүйемелдеуімен ұсынылды. Гитара шәкірті, «Жан әуендері» I халықаралық шығармашылық байқауының лауреаты Сибагаттулин Фаил «Арыс жағасында» әнін орындады. Дариға Булатқызы Аллахвердиева (жеке ән айту) мұғалімдері «Кешікпей келем деп ең» әнін, Жұмашова Үмітгүл Қойшыбайқызы (қобыз сыныбында) - попурри, Иванова Регина Владиславовна (жеке ән) - «Әнім сен едің» әнін орындады.                     

   Концерттік бағдарламаның соңында «Ата толғау» Нұрғиса Тілендиевтің күйі ансамбльдің оқытушылары Харал Бақытгүл, Қабдрашит Гүлназ Русланқызы және Қорабаева Жұлдыз Рашитқызының орындауында, мұғалім Гүлжанат Сапарғалиқызы Құлжанованың орындауындағы жетігенде «Аққу» күйі орындалды.