ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Болашақ ғылымның - жас зерттеушілері
01-10-2020 21:51
Болашақ  ғылымның - жас зерттеушілері

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен «Зерде» жоба және зерттеу жұмыстары  конкурсы  қалалық кезеңінің қорытындысы   өткізілді.  Конкурс 2020 жылғы 28 - 30 қыркүйек аралығында онлайн  тәртібінде өтті. Конкурс мақсаты - бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының зерттеу қабілеттерін және зияткерлік-шығармашылық мүмкіншілігін қолдау және дамыту.

Конкурсқа қатысу үшін  қаланың 40 жалпы білім беру мектептерінен  1 - 7 сынып оқушыларымен  253  жоба ұсынылды.  Зерттеу  жұмыстарын қорғау  9 секция бойынша өтті - қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті және ағылшын тілі, математика және информатика, физика және техника, медицина және психология, тарих, өлкетану және этномәдени, химия және биология, экология және валеология, робототехника. Оқушылардың  жобалары  әртүрлі бағытта болды, олардың зерттеулері бүгінгі күннің экология, өз туған  өлкесінің  тарихи және мәдени мұрағаты, математикалық теңдеулердің құпиясы, көзбен қабылдаудың сыры,кристалл қасиеті,қуат үнемдеу мәселелері,үй жағдайында ауа ылғалдылығын тексеру, сәндік-қолданбалы өнердің ғажайып  әлемі, компьютерлік тәуелділік мәселелерінің жеңісі, мектеп театрымен айналысу туралы өзекті тақырыптарын қозғады.

Өзінің танымдық және жасампаз қабілеттерін дамытып, олардың шығармашылығының ашылуы және  зерттеуі әрі қарай  дамуына ғылымның әртүрлі саласында белгілі пайда келтіруі мүмкін, оқушылар үнемі ізденісте екенін  әділ қазы мүшелері жоғарғы  оқу орындарының оқытушылары  атап өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша 1 - 4 және  5 - 7 сынып оқушыларына арналған жеке жүлделі орындар анықталды. 118 шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстарының авторлары конкурс жеңімпаздары және жүлдегерлері атанды, оның ішінде бірінші орын - 18, екінші - 40, үшінші - 60.

I орын иегерлері № 6, 7, 11 (2), 16, 17, 25 (2), 29 (2), 33, 35 (2), 36, 37, 39, 43, К.Макпалеев атындағы мектеп оқушылары. II орынды  № 1, 6, 9, 11, 14, 16, 17 (2), 18 (3), 19, 21 (2), 23, 24 (2), 26 (2), 27, 32 (3), 34 (2), 35, 36 (2), 37 (2), 38, 39 (3), 41,  К.Макпалеев ,  М. Ауэзов (2), Жетекші ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, III орынды - № 1 (2), 2 (2), 4, 6 (3), 7 (3), 16 (3), 17 (3), 18, 21, 22 (2), 24, 25 (2), 26 (3), 28, 29 (5), 30 (2), 33 (5), 34, 36 (2), 37 (2), 38, 39 (4), 41 (2), К. Беккожин (3), М. Ауэзов, Жетекші ЖОМ (3), Кенжекөл ЖОМ иеленді.

№ 17 мектептің  2 сынып оқушысы Кривошлыкова Артемнің физика бойынша «Занимательные эксперименты с водой» жобасын атап өтуге болады.  Жоба судың үш жағдайына арналған, оның  қасиетінің нәтижесінде тірі ағзалар аз өзгерген түрде маңызды қоректі заттарды алады. Тәжірибе үшін ол  тек қана судың қасиетін жинаған жоқ, сонымен қатар аз зерттелген қасиет бойынша гипотез анализін өткізді,сонымен біздің өміріміздегі су ролінің  мәнін көрсетті.  

29 мектептің  3 сынып оқушысы  тарих бойынша  «По следам моих предков» жұмысында Куаныш Максат өзінің генеалогиялық шежіресінің тамырын білу үшін, үй мұрағатындағы  материалдарды зерттеді, оның туыстарымен бірге жұмыс істеген және жақын тұрған адамдармен кездесті.  Барлық жазбаларды  Максат  өзінің заңы мен ережесі, өзінің терминологиясы бар шежіре тіліне салуға тырысты. Осы мектептің 6 сынып оқушысы  Никитина Вероника «Производство топливных брикетов из листьев» экология бойынша жұмысында отын брикетін қолданудың экологиялық  негізін берді. Вероника жалынсыз оттың ұзақ процессін қамтамасыз ету, отынның жаңа экологиялық түрін, қайта өңдеуден пайда алу, отын шақпағын дайындау  үшін  жапырақтарды пайдалану мүмкіншілігін талдады.

Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификатымен белгіленді. Жеңімпаздар  мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталды. Барлық жүлделі шығармашылық жоба және зерттеу жұмыстары конкурстың облыстық кезеңінің іріктеу турына ұсынылады.