ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионатының жаттығу жүгірісінің жеңімпазы
02-10-2020 12:19
Шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионатының жаттығу жүгірісінің жеңімпазы

Ардагерлер мен әуесқойлар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан чемпионатының онлайн жаттығу жүгіру жарысында Павлодар қаласы Қ. Мақпалеев атындағы ЖОМ дене шынықтыру мұғалімі Дьяченко Владимир Александрович I орынға ие болды. Жарыс 2020 жылдың 27 қыркүйегінде Өскемен облысының Бобровка ауылында өтті. Оған 20 - 70 жас аралығындағы 30-дан астам шаңғышылар қатысты. Жарыстың ұзындығы тауға шығумен 7 км 500 метрді құрады.

Владимир Александрович: «Жарысқа 5 облыс қатысты. Қашықтық таулы жерде өтті, онда тік көтерілістер мен жай көтерілістер болды. Осыған қарамастан, мен 7 км 500 метр қашықтықта бірінші болып 20 минутта (норма 20 минут 20 секунд) уақыт нормасын орындап шықтым. Шаңғы жарыстарымен 2004 жылдан бері айналысып келемін, бірнеше рет шаңғы жарысынан, жеңіл атлетикадан, жазғы және қысқы Президенттік көпсайыстан аудандық, облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегері және чемпионы болдым. Велоспортпен айналысамын, салауатты өмір салтын ұстанамын» деп атап өтті.

Владимир Александрович білім беруде 5 жыл осы мектепте 3 жыл жұмыс істейді, ол педагог-модератор болып табылады. «Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2019» қалалық және облыстық байқаулардың жеңімпазы. Жас ғалымдар, магистрлер, студенттер мен мектеп оқушыларының XVII Сәтбаев оқуларының халықаралық ғылыми конференциясында (2020 жыл) «Кіші мектеп жасында шаңғы дайындығы бойынша сабақтарды өткізу ерекшеліктері» мақаласымен сөз сөйледі.