ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үздік педагогтарға құрмет көрсету
02-10-2020 17:20
Үздік педагогтарға құрмет көрсету

Павлодарлық Достық үйінде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен өңірдің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді. Кездесуде өңір басшысы Ертіс өңірінің 15 үздік педагогін, оның ішінде Павлодар қаласының білім беру ұйымдарының 3 педагогін алдағы ұстаздар күнімен құттықтады.

Павлодар облысының тарихында алғаш рет облыс әкімдігі «Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісін тағайындады. Әрбір марапат 1000 АЕК мөлшеріндегі сыйақымен бекітілген, бұл шамамен 2,7 млн. теңге. Жыл соңына дейін тағы 35 педагог төсбелгіге ие болады.

Төс белгімен марапатталған 3 ұстаздың ішінде Казкенова Гүлнара Еркінқызы, № 16 лицей-мектебінің орыс тілі мұғалімі, педагог-шебер, Мокроусова Танзиля Рифхатовна, неміс тілі мұғалімі, жаңашыл педагог, Жұмашова Үміткүл Қойшыбайқызы, Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің қобыз сыныбы бойынша қосымша білім беру педагогы.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Павлодар облысы білім беру басқармасының грамоталары мен ақшалай сыйлықтары табыс етілді.

Облыстық «Жыл мұғалімі - 2020» байқауының қорытындысы бойынша Садықов Рустам Талғатұлы марапатталды, № 11 ЖОМ информатика мұғалімі, педагог-зерттеуші, II орын алды.

Облыстың «Үздік тәрбиеші - 2020» байқауының жеңімпазы, № 29 балабақша тәрбиешісі Кузьгова Зарина Жабраиловна марапатталды.