Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлке тарихының 55 білгірі зияткерлік конкурста білімдерін көрсетті
06-10-2020 17:28
Туған өлке тарихының 55 білгірі зияткерлік конкурста білімдерін көрсетті

2020 жылы 5 қазанда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің  «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен «Моя малая Родина» ІII республикалық зияткерлік конкурсы қалалық кезеңінің қорытындысы жасалды. Конкурс 2 қазанда онлайн тәртіпте өткізілді.Конкурс  мақсаты - туған елінің тарихына қызығушылығын оятатын талантты оқушыларды қолдау, қазақстандық патриотизм және азаматтық сезімін дамыту , ұлттық өзін-өзі анықтау және өзінің кіші Отанына мақтанышы.

Конкурс  шарты бойынша 55 тарихтың жас білгірлері 4 номинацияға қатысты: бейнематериал, макет таныстыру бойынша тест, Қазақстан тарихы, Отан, Қазақстан рәміздері біліміне эссе жазу.

«История моей малой Родины» номинация конкурсының қорытындысы бойынша бейне-репортаж танысу түрінде 5 қатысушыдан 3 оқушы жүлделі орын алды. № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Галлямова Дария жеңімпаз атанды. «О возникновении моего города» өзінің бейне репортажында ол бүгінгі Павлодардың әдемі орындарына және тарихи жерлеріне тоқталды.

II дәрежелі дипломмен № 33 ЖОМ 9 сынып оқушысы Шепель Илья. ІІІ дәрежелі дипломмен № 2 ЖОМ  9 сынып оқушысы Апушева Мадина марапатталды.

«Символ моей малой Родины» номинациясы бейне таныстыру түрінде 8 қатысушы болды. I орынды «Символ народа - мирное небо» бейнесі үшін № 2 ЖОМ 10 сынып оқушысы Мағамет Жібекжан ие болды. Ол   экстремалдық    жанрда   жұмыс істейтін   Г. Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы ғылыми қызметкермен «100 новых лиц Казахстана» жобасының қатысушысы Жеңісбек Қадырұлымен сұхбат ұсынды. Оның үлгісінде Павлодармен, халық достығымен мақтанатынын, еліміздің болашағы жастарға байланысты екенін көрсетті.

ІІ дәрежелі Дипломмен № 20 лицей-мектебінің 9 сынып оқушысы Шкленник Арина, ІІІ дәрежелі Дипломмен К. Макпалеев атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы Кривоногова Арина марапатталды.

«Будущее моей малой Родины» номинациясы макет таныстыру түрінде өтті. Макетті 4 оқушы ұсынды. «Планетарий в моем городе» жұмысы үшін М. Ауэзов атындағы ЖОМ 10 сынып оқушысы Фатихова Дина жеңімпаз атанды. Ол жиналған материал негізінде өзінің Усолка кіші ықшамауданының объектісін ашу үшін планетария макетін ұсынды.

ІІ дәрежелі дипломмен № 35 ЖОМ 10 сынып оқушысы Нұрханова Әсел, III дәрежелі дипломмен № 21 ЖОМ 9 сынып оқушысы Қайраш Айсана марапатталды.

«Мой родной край» номинациясында эссе жазуға 38 қатысушы болды. «Моя малая родина - истоки патриотизма» эссесі үшін № 37 ЖОМ 7 сынып оқушысы Жүкей Аружан жеңімпаз атанды. Өзінің шығармасында ол облыстың дамуына зор үлес қосқан көрнекті ғалымдар, Баянауыл өлкесінің сұлулығын ашып, Павлодар облысының  көрнекі жерлерін бейнеледі.

ІІ дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушылары Ильясов Жанат (№ 29 ЖОМ), (№ 36 ЖОМ) Ильясов Амирхан, Муканова Анель (№ 25 ЖОМ), 9 сынып оқушысы Мұхамеджанова Дария (К. Макпалеев атындағы ЖОМ). IІI дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушылары  Айтуғанова Милана (№ 43 ЖОМ), Боярко Ульяна (№ 26 ЖОМ), Солодовникова Дарья (№ 11 ЖОМ), Магзумова Малика (№ 6 ЖОМ), Свистич Софья (№ 24 ЖОМ), Темирова Данеля, Арабок Аида (№ 20 лицей-мектебі), Вахитова Эльмира (№ 40 ЖОМ) Саватеева Светлана (№ 23 ЖОМ) марапатталды. Номинация бойынша жеңімпаздар 14 қазанда конкурстың облыстық кезеңіне қатысады.