Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Білім беру қызметінің сараптамасы
07-10-2020 17:58
Білім беру қызметінің сараптамасы

2020 жылдың 7 қазанында мұғалімдерді әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне жетекшілік ететін мектеп директорларының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін онлайн-семинар өткізілді. Семинарға Павлодар қаласы мектеп директорларының 47 орынбасары қатысты.

Білім беру қызметін сараптау - бұл педагог кадрлардың кәсібилігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын орындау бойынша білім беру ұйымдарының басқарушылық, психологиялық-педагогикалық және ғылыми-әдістемелік қызметінің деңгейі мен нәтижелерін кешенді бағалау және қазіргі заманғы қазақстандық білім беру моделін әзірлеуге, сынақтан өткізуге және енгізуге бағытталған инновациялық процестерді қолдау.

Семинар барысында қалалық сараптама кеңесі туралы ереже таныстырылды, оның қызметінің мақсаты білім берудің барлық деңгейіндегі ұйымдар педагогтерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесі материалдарын сараптау, білім беру процесін реттейтін басқару материалдарының Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту мақсаттарына, оны ұйымдастыруға қойылатын заңнамалық және нормативтік құқықтық талаптарға сәйкестігін белгілеу, білім беру ұйымдарының инновациялық қызметінің деңгейін бағалау болып табылады, білім берудің заманауи қазақстандық моделінің проблемаларын әзірлеуге инновациялық процестерді қолдау және бағыттау.

Мектеп директорларының орынбасарлары білім беру мекемелері мен педагогтердің материалдарын дайындау бойынша жұмысты ұйымдастыру жөнінде тәжірибелік ұсыныстар, жадынамалар мен инновациялық бағдарламаларды, жобалар мен әдістемелік материалдарды ресімдеу үлгілерін алды.