Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың көзқарасы бойынша көліксіз бір күн
09-10-2020 15:28
Балалардың көзқарасы бойынша көліксіз бір күн

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Үнем - қоғам қуаты» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде «Автокөліксіз күн» қашықтан қалалық акциясын өткізді. Мақсаты - оқушылар мен ата-аналардың назарын қоршаған ортаны сақтау және СӨС дағдыларын дамыту бағытындағы саналы азаматтық белсенділікке аудару.

Акцияға орталықтың 2000-нан астам тәрбиеленушілері мен Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің № 2, 5, 7, 9, 16, 18, 19, 23, 26, 27, 28, 30, 33, 34, 35, 40, 43, 21 ЖОМ, Қ. Мақпалеев атындағы, Б. Момышұлы атындағы ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ оқушылары эссе, өлең, фоторепортаж, бейнеролик түрінде күнді автокөліксіз қалай өткізуге болатынын көрсетті.

Акция қорытындысы бойынша кіші санатта (1 - 4 сыныптар) 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Ι орынды № 34 ЖОМ 4-сынып оқушысы Юсупов Павел, ΙΙ орынды № 34 ЖОМ 4-сынып оқушысы Бекпаева Алина, ΙΙΙ орынды № 2 ЖОМ 4-сынып оқушысы Бейсенбай Азамат, ΙΙΙ орынды табиғатта бос уақытты өткізу, таза ауада спортпен шұғылдану, жаяу серуендеу туралы бейнероликтер үшін № 2 ЖОМ 3-сынып оқушысы Калыкова Малика, 4-сынып оқушысы Дінмұхамед Гүлзат және № 26 ЖОМ  2 сынып оқушылары иеленді.

Орта санатта (5 - 9 сыныптар арасында) сурет салғаны үшін № 40 ЖОМ 6-сынып оқушысы Әдепбаев Али, өз өлеңдері үшін № 9 лицей-мектептің 6-сынып оқушысы Горбикова Варвара, № 28 ЖОМ 8-сынып оқушысы Леннов Александр алды. ΙΙΙ орынды эссе үшін № 18 ЖОМ 5 сынып оқушылары Кононенко Виалетта мен Айтқазина Наргиз, № 43 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ягодка Арина иеленді.