2020 жылы 4-қараша күні сағат 11.00-де Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен қаланың жалпы білім беру ұйымдарының 8 - 11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» республикалық оқуларының қашықтық қалалық кезеңі өткізіледі. Мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, классикалық қазақ әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Талантты оқушыларды қолдау.
Конкурс 6 номинация бойынша өткізіледі:
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» - Абай өлендерін жатқа оқу.
«Абайдың қара сөздері» - Абай қарасөздерін мәнерлеп оқу.
«Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармалары бойынша мәнерлеп оқу.
«Көңілім әнді ұғады» - Абай мен Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас ақындар сайысы (өзі шығарған тақпақ, өлең, күйін) ұсынады.
«Ұлылар әлемі» - эссе сайысы.
Әділ қазы құрамында қаланың жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жұмыс істейді. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаланың білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады. І дәрежелі диплом иегерлері облыстық кезеңге қатысады.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі