Бүгін біздің балабақшада «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» толуына орай Құрманғазы атындағы №1 музыкалық мектептің тәрбиенушілерінің қатысуымен ұлттық музыка концерті өтті. Алкенова Айдана домбырада, Пшенбаева Амина қобызда, Перминов Кирилл баянда қазақ халқының әуендері мен күйлерін ойнады. Петрова Полинаның орындауындағы әндер балаларды қуантты. Осындай кездесулер балалардың музыка арқылы рухани-патриоттық тәрбие беруге жетелейді.