2016 жылғы 13-14 желтоқсандарында «№ 115 сәбилер бақшасы» МҚКК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Менің тәуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік шара өткізді. Бұл мерекені еліміздің ертеңі мен болашағы, кішкентай бүлдіршіндеріміз қуанышты көңілмен қарсы алды.Көк, сары әуе шарларын қолдарына ұстап, « Жаса Қазақстан !» әнімен әсем безендірілген музыкалық залға кірген тәрбиенушілердің көңілдерінде шек жоқ. Мемлекеттік гимннен басталған мереке Қазақстан қалалары бойынша сапар шегумен жалғасты. Жүйрік тұлпарларда, ұшақ пен пойызда, әуе шарында саяхаттаған бүлдіршіндеріміз еліміздің мол байлығын тамашалап, Отанға деген махабаттарын ырғақты ән, әдемі би, мазмұнды тақпақтары арқылы жеткізді.