Біздің балабақшамызда "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" толуына орай "Достық сабағы" тақырыбында Қазақстан халықтарының ұлттық киімдеріне арналған кіші мұражай көрмесін безендіру іс-шарасы ұйымдастырылды.Әрбір топ өзіне қарасты ұлттың ұлттық киімімен кішкене қуыршақтарды безендіріп, сол ұлттық киімнің ерекшелігі туралы ақпарат дайындады.2 сәбилер тобы грек ұлтының, Естияр "А" тобы неміс ұлтының, Естияр "Б" тобы тәжік ұлтының, Ересек "А" тобы татар ұлтының, Ересек "Б" украин ұлтының, дайындық тобы корей ұлтының ұлттық киімдерін дайындады. Көрмені балалар мен қызметкерлер ғана емес, ата-аналар да тамашалай алды.