Сенім телефоны
8(7182)205750 8(7182)205850 8(701)4486781 Бакыт Жусуповна 8(718)322167 - отдел образования, 8(718)2321937 - управление образования
email: sad86@goo.edu.kz
Мекенжайы: Катаева, көшесі 23
8(7182)613712
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі-15.00-17.00 Сәрсенбі-15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мемлекеттік рәміздер
04-06-2021 22:17
Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер-мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. 
Осыдан тура 29 жыл бұрын, 1992 жылғы 4 маусымда еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері – Қазақстан Республикасының туы мен Елтаңбасын бекітті.
Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады. Мемлекеттік рәміздер-мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Алтын күн мен қалықтаған қыран бейнесі бар көгілдір ту және ортасында барлық қазақстандықтар үшін ортақ үйдің символы ретінде шаңырақ бейнесі орналасқан елтаңба әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа тәуелсіз мемлекеттің бейнесін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні мерекеленеді.
2021 жылғы 4 маусым-Мемлекеттік рәміздер күні.
Мереке аясында барлық балабақшаларда акция өткізілді және біздің балалар шетте қалмады. Ағымдағы жылдың 4 маусымында таңғы сағат 10.30-да мемлекеттік туы бар балалардың суреттері балабақшаның терезелеріне орналастырылды. Бұл өте салтанатты, жарқын, әсем болды! Балалар қуанды!