Біздің балабақшада балалық шақтың басты мерекесі - балаларды қорғау күні қуанышты, шырайлы, шат көңілмен аталып өтті. Барлық қызметкерлер, бұл мерекенің балалардың есінде ұзақ сақталып қалуына тырысып бақты. Біз, мерекелік атмосфера құрып, балаларды көңілді ойындармен, әндермен, билермен қуантуға тырыстық.
Серуендеу алаңдарында да көңілді болды. Балалармен бірге ән шырқап, көңілді ойындар мен эстафеталар ойнап, жақсы көңіл-күй сыйлауға мерекеге көңілді клоундар да келді. Балалардың көңілді келбетін көру, қуанышты күлкілерін есту бір ғанибет екен.
Мереке, асфальт бетіне түрлі-түсті бормен сурет салумен жалғасты. Балалар суреттерінде табиғатты, достарды, туыстар мен жақын адамдарды көруге болады. Суреттер әртүрлі болды, бірақ «Бақытты балалық шақ» ортақ тақырыбымен біріктірілді.
Балаларды қорғау күні