Сенім телефоны
8(7182)205750 8(7182)205850 8(701)4486781 Бакыт Жусуповна 8(718)322167 - отдел образования, 8(718)2321937 - управление образования
email: sad86@goo.edu.kz
Мекенжайы: Катаева, көшесі 23
8(7182)613712
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі-15.00-17.00 Сәрсенбі-15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаңа жылдық дефиле
19-12-2022 14:51
Жаңа жылдық дефиле

19 желтоқсанда «№ 86 сәбилар бақшасы – «Baby Land» ДШСО» КМҚК-да өз қолдарымен жасалған таңғажайып киім үлгілерінің көрсетілімі өтті. Көрермендерге қоқыс салуға арналған дорбалар, газеттер, пакеттер, картон қораптар, пластик тәрелкелер мен қасық, шанышқылардан қолда бар құралдардан дайындалған киім үлгілері ұсынылды. Жас модельдер - № 9, 30, 86, 112 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері тырысып бақты, ал көрермендер ду қол шапалақпен қолдау көрсетті. Ата-аналар сайыс дайындығына белсенді қатысып, ерекше шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Костюм жасауда қолданылатын материалдар мен көріністердің алуан түрлілігі таң қалдырды.
Шығармашылықты педагогтер де танытты. Олар балаларға нағыз мереке  ұйымдастырды - көңілді музыка ойналды, костюмдер көрсетілімі дефиле түрінде өтті, әр модельдің шығуы жүргізушінің түсініктемесімен сүйемелденді. Мереке кейіпкерлерінің ешқайсысы қазылар алқасының назарынан тыс қалмады - барлық қатысушылар құрмет грамоталарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.