2023 жылғы 15 ақпанда «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді оқытуға және әлеуметтік бейімдеуге жағдай жасауда педагогтің рөлі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Балабақша педагогтері педагогикалық кеңеске мұқият дайындалды.
Тақырыптың өзектілігін басшы Б.Исабекова «Мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді оқытуға және әлеуметтік бейімдеуге ықпал ететін жағдайлар жасауда педагогтың рөлі» атты баяндамасында ашты.
Ересек топ тәрбиешілері Л.П.Ващенко, Л.А.Кашина «Ата-аналармен өзара іс-қимыл» тақырыбында презентация жасады.
Логопед К.К.Джусупова – сөйлеуді дамытуға арналған құралдар жинағын дайындады.
Барлық жастағы топтардың тәрбиешілері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған стандарттан тыс жабдықтармен таныстырды.
Педагогикалық кеңес жылы, жайбарақат жағдайда өтті.
Педагогикалық кеңес