Балабақшадағы шығарылым кеші ұмытылмайтын мереке. Бұл мереке түлектер есінде мәңгілік қалу керек. Ол балалар және ата-аналар үшін ең маңызды. Күні кеше ғана келген бүлдіршіндер бүгін балабақшамен қоштасуда. Біздің балабақшада 26 мамырда шығарылым ертеңгілігі өтті. Ертеңгілік сценарийін музыка жетекшісі З.М.Шәкірова жазды. Мереке барысында әндер шырқалып, билер биленіп, ойындар ойналып, сыйлықтар берілді.
Бүлдіршіндер балабақшамен қоштасып, өмірдің жаңа кезеңі –
мектепке баруға дайындалуда. Біздің балабақша жыл сайын нағыз талантттарды, тамаша «жұлдыздарды» шығарады. Топтардағы әр бала өз алдына қайталанбас бір «жұлдыз». Балабақшада өткізген жылдарда біз оларды жақсы көріп қалдық. Оларды мақтаныш және үмітпен, қимастықпен мектепке аттандырамыз.
Қымбатты түлектер ! Сендерге табыс тілейміз.
Естеріңізде болсын: біздің есігіміз сендерге әрдайым ашық!