Төтенше жағдай туындаса, іс-әрекеттерді орындау үшін балалар мен персоналды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу
30-11-2016 08:45
Төтенше жағдай туындаса, іс-әрекеттерді орындау үшін балалар мен персоналды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу Балалардың қауіпсіздігін арттыру және өрт орын алған, қауіп төнген жағдайда сәйкесінше іс-әрекет жасауды үйрету мақсатында жаттығуды өткізудің бекітілген жоспарына сәйкес 2016 жылғы 30 қарашада «№96 сәбилер бақшасы – «Радуга» ҮДО» МҚКК төтенше жағдай орын алған жағдайдағы іс әрекеттерді меңгеру үшін, балалар мен персоналды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өтті. Бұған дейін де балаларға төтенше жағдай орын алған кездегі іс-әрекеттер ережесі, эвакуациялаудың қауіпсіз жолдары» түсіндіріліп, бекітілген «АҚ бойынша қауіпсіздік сабақтары» атты сабақтар топтамасы өткізілді. Балалармен «Отпен ойнауға болмайды», «Өрт кезіндегі тәртіп ережесі», «Өрт ойын емес» тақырыптары шеңберінде әңгіме өткізілді.