Мемлекеттік Рәміздер күні
Балаларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатында балабақшамызда «Рәміздерім - мақтанышым» іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Осы сезімді ұғындындырып, сездіруді кішкентай балаларымыздан бастауымыз керек. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.