Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182) 20-10-11
email: sad50goo.edu.kz
Адрес: Павлодарская область, город Павлодар, улица Ломова 149/1
руководитель - 8(7182) 201011, общий- 8(7182) 222707, бухгалтерия 8(7182) 220077
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник, четверг - с15.00- 18.00ч.
НАУРЫЗ - Құт береке әкелсін елімізге!
18-03-2011 04:46

Наурыз-құт береке әкелсін елімізге!

Аман төлдеп малымыз.

Таттың тағы сары уыз.

Сүті көпте,көмірі аз.

Болады ғой НАУРЫЗ.

                                    Ж..Қашқынов

        Мінеки, көптен күткен жыл басы, күн мен түннің теңелер кезі, жер бусанып, бәйшешек гүлінің жерді жарып шығар кезі Наурыз мейрамымызда есігімізді ашпақшы.   Осындай мейрам алдында өңірімізде мерекелік іс-шараларда басталып кетті. Еліміздің болашағы, еліміздің болашақ азаматтары, біздің ертеңгі ел иелері балабақша бүлдіршіндер мекемелері де осы игі істерден құр алақан емес.

        № 50 балабақшасында   да  іс-шаралар өз орындарын жалғастыруда.  Бұл іс-шараға бүлдіршіндерімізбен қатар Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ПМУ-ның 3 курс студенттері  де ертеңгілігіміздің сәнін келтірді. НАУРЫЗ мейрамында балалар өз әндерімен, билерін көрсетумен қатар ұлттық ойындар ойнап,  «Атқа мінгізу» салтымен танысты. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ПМУ-ның студенттері  данышпан би аталар болып келіп, балалардың көптеген сұрақтарына дана аталарының шешендік сөздерімен жауап беріп, көрермен ата-аналарды да таң қалдырды. Кейбір сұрақтармен ойындарға ата-аналарда ат салысып, қошаметтерге ие болды.  Немересінің мейрамына Баянауылдан арнайы келген әжемізде бүлдіршіндерге, осы балабақша ұжымдарына тілек-батасын айтып шашуын шашты. Облыс жұртшылықтарын, мектепке дейінгі оқу орындары мен мектептер  ұжымдарын Наурыз мейрамымен құттықтап , Ақ мол болсын, Қайда барсаңыздарда жол болсын дегіміз келеді!

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!!

                                                № 50 Балабақшасыңда 

Қазақ тіліңде оқытып тәрбие беретін

                                                             «Ересек» тобының тәрбиешісі:

                            С.Ғ.Мадина