Сенім телефоны
8(7182) 20-10-11
email: sad50@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 149/1 үй
басшы - 8(7182) 201011, жалпы - 8(7182) 222707, бухгалтерия 8(7182) 220077
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі -сағат 15.00- 18.00 дейін.
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді Қазақстан халқы»
12-12-2011 03:17
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді Қазақстан халқы»

 

Қазақстан Республиканың тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Павлодар

қаласының № 50 «Асылтас» сәбилер бақшасында 2011 жылғы 6 желтоқсанда ,

қазақ тілі  кабинетінде Павлодар облыстық Бұқар Жырау  атындағы 

Әдебиет және өнер мұражайының өкілі келіп, біздің жерлестерімізбен, Павлодар облысының ақын-жазушылармен және олардың балаларға арналған шығармаларымен танысу кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне естияр, ересек, даярлық топтары  қатысты. Мұражайдың ғылыми қызметкері Мейрамғали Қайроллаұлы  Есімханов балаларға көптеген қызықты ақпарат айтып берді.

Соңымен қатар, күннің екінші жартысында, қазақ топтар тәрбиешілерінің арасында «Тәуелсіз ел тірегі – білімді Қазақстан халқы» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Сайыста пайдаланған материал, кітап көрмесінде танысқан жазушылардың шығармашылықтарынан алынған болды.

Сайыстың міндеті: ең үздік мәнерлеп оқитын тәрбиешіні анықтау.

Қазылар алқасы естияр тобының тәрбиешісі Жәния Апсаликованы белгіледі. Сайысқа қатысқан барлық тәрбиешілер сыйлықтармен және «Мақтау грамотамен» марапатталды.

 

Бұл іс – шараларды ұйымдастырған қазақ тілі мұғалімі: Қарлығаш Әнуарбекқызы Байзақова    және 2 сәбилер тобының тәрбиешісі: София Ғабдрахимқызы Мадина.