Міне бүгін «Күншуақ» және «Көбелек» топтарының балаларына да Жаңа жыл мерекесі жетіп қалды. Балалар мерекеге жақсылап тұрып дайындалыпты. Тіпті өздерін тану да қиын: аққала, аққылаулар, ханзада, көбелектер, Зорро және тағы да көптеген кейіпкерлер. Өткен аяздарға қарамастан, Аяз Атаға дайындаған тақпақтары, өлендері мен билері де өте жақсы шықты. Ал Аяз Атаның өзін балалар белгілі мультфильм кейіпкерлері Маша мен Аюмен бірге қарсы алды. Алайда, бір қиыншылық туындап қалғаны: Аяз Ата балаларға арнаған сыйлықтарын үйінде қалдырып кетіпті. Тапқыр қыз Маша қарияны жұбатып, балаларға сыйлықтардың орнына тәтті тосап пісірмек еді... Тосаптың орнына қазан түбіне тәтті сыйлақтар пайда болды. Сөйтіп, бүлдіршіндеріміз мерекеден бос алақан кеткен жоқ.
Жаңа жылдық ертегі