Сенім телефоны
8(7182) 20-10-11
email: sad50@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 149/1 үй
басшы - 8(7182) 201011, жалпы - 8(7182) 222707, бухгалтерия 8(7182) 220077
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі -сағат 15.00- 18.00 дейін.
Жазғы Олимпиада - 2013
21-06-2013 07:38
Жазғы Олимпиада - 2013

Жалпы балабақшалық Жазғы Олимпиада- 2013 соңғы күні естияр «Б» тобында жарыстар өткізілді. Педагог Гаухар Қалияқпарқызы Тақтамысова балаларға 4 эстафета дайындады. Топ разминка – жаттығу жасағаннан кейін, бөгеттерді өтіп, «Жұлдызшалар» мен «Найзағай» екі командасына бөлінді. «Допты тезірек бер», «Бұлақтан секіріп өт» және «Кім жылдам» эстафеталарында «Найзағай» командасы бірінші болды, ал «Себетке тигіз» эстафетасында «Жұлдызшалар» тобы ең мерген болып шықты, 9 дәл тигізу, ал қарсыластарында – 7.

Қорытындыда «Найзағай» командасының балалары 10 балмен жеңіп шықты. Жеңімпаздар алтын медалдермен марапатталды, ал қарсыластары – күміс медалмен.

Сонымен қатар, бүгін біздің Олимпиаданың салтанатты жабылуы болды. Балалар, қонаққа келген «Обжорканы» салауатты өмір салтын ұстану пайдалы екеніне көз жеткізді. Енді ол қалай дұрыс тамақтану керектігін біледі, гамбургерлер мен «Фанта» - бала ағзасына дос емес, және де мықты, епті болу үшін спортпен шұғылдану керектігін білді. Балаларға мереке өте ұнады: ересек «А» мен «Б» топтары «Футбол» және «Спорт туралы» ән айтты, ересек «В» тобы гимнасттар биін биледі. Содан кейін команда капитандарын олимпиада тұғырына шақырып, балабақша басшысы оларға грамоталарын берді. Мереке біздің еліміздің Гимнін орындаумен аяқталды. Тамаша мереке музыка жетекшісі И.В. Куклинамен дайындалды; жүргізуші – Г.Қ. Тақтамысова, «Обжорка» рөлін О.В. Москалева сомдады.