"Қош бол, балабақшам!"
30 мамыр күні даярлық "А" тобының бүлдіршіндері өзінің сүйікті балабақшасымен қоштасу кешіне жиналды. Мерекеге ата-аналар, балабақшаның апайлары, ертегі кейіпкерлері, "Талисман" шоу артистері қатысты. Балалар өз өнерін, білімін, шығармашылық қабілеттерін аз уақытта көрсетіп шықты. Оларға ата-аналар алақандарын аямай қол соқты. Соңында балалар ақ жаулықты әжелердің батасын алып өміріндегі бірінші диломын басшы Бибигүл Ырыскелдықызының қолынан алды. Алтын ұя мектебінде үздік оқушылар болыңдар түлектеріміз!
Даярлық "А" тобының апайлары.