Қарттарға құрмет көрсетілді.
Павлодар қаласының №50 сәбилер балабақшасында Халықаралық Қарттар күніне орай шара ұйымдастырылды. Мектепалды мекеме ұжымы бұл күні аға буын-ардагерлерді құрметпен қарсы алып, қошемет көрсетті. Салтанатты жиында ізгі тілект ер айтылып, мерекелік концерт берілді. Сонымен бірге, қонақтарға ақ дастарқан жайылып, тәрбиешілер мен бүлдіршіндер өнерін ортаға салды. Ардақты ардагерлер бір-бірімен қаушып көңіл қуаныштарын асқақтатты. Сонында балабақша ұжымына зор алғыстарын білдірді.