Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
![Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі](/media/img/blogs/5b0e6ef075545.jpg)
Даярлық топтарында "Қош бол балабақша" атты мерекелік ертеңгілік өтті. Тәрбиеленушілер мерекеге әндерін шырқап, өз өнерлерін ортаға салды. Ата-аналар сөз сөйлеп, балабақша ұжымына алғыстарының шексіз екенін айтты. Мереке соңында бүлдіршіндер, далаға шығып мерекелік шарларды ұшырды.