Сенім телефоны
8(7182) 20-10-11
email: sad50@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 149/1 үй
басшы - 8(7182) 201011, жалпы - 8(7182) 222707, бухгалтерия 8(7182) 220077
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі -сағат 15.00- 18.00 дейін.
Жайнай берсін, Астана!
04-07-2018 12:52
Жайнай берсін, Астана!

Астана 20 жасқа толды. Сарыарқаның төсіне көсілген елордамыз Қазақстанымыздың кіндігі, тарихи мекен - Астана қаласын бүгін біздің №50 бақшамыз туған күнімен тойлады. Мерекеде жаттаған өлең жолдарынан үзінді арнап, әндер айтты. Қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, тарихи ғимараттарды мозайка арқылы құрастырып, сол туралы мағлұматтар ашып айтылды. Балалар мен ата-аналары , тәрбиешілер дайындаған «Астана келбеті» тарихи макеттерден көрмелер ұйымдастырылды. Қолөнер, тақпақ , ойынға ат салысып қатысқан балалар «Астана 20 жаста» төсбелгісімен марапатталды. Отанын , туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шара балалар үшін қызықты болды. Еліміздің мәртебесі арта берсін. Еліміз өркен жайып , әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін!