Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)548075
email: sad112@goo.edu.kz; @yasli_sad_112 on Instagram
Мекенжайы: Естай көшесі, 91/1
8(7182)548075 басшы, 8(7182)548076 вахта, 8(7182)548073 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 09.00- 13.00 Жұма 14.00-17.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар облысы Білім беру басқармасы, Павлодар қаласының Білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 112 сәбилер бақшасы» КМҚК орыс тілінде оқытатын тәрбиешінің бос лауазымына тағайындауға ашық конкурс жариялайды
09-09-2022 10:19
Павлодар облысы Білім беру басқармасы, Павлодар қаласының Білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 112 сәбилер бақшасы» КМҚК орыс тілінде оқытатын тәрбиешінің бос лауазымына тағайындауға ашық конкурс жариялайды

Павлодар облысы Білім беру басқармасы, Павлодар қаласының Білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 112 сәбилер бақшасы» КМҚК

орыс тілінде оқытатын тәрбиешінің бос лауазымына

тағайындауға ашық конкурс жариялайды

 

 

 «Павлодарқаласының № 112сәбилер бақшасы» КМҚК Павлодарқ., Естайкөшесі, 91/1, телефон 8 (7182) 54-80-75, 8(7182) 54-80-76; эл.почта: karapuziki112@mail.ru

Сәбилер бақшасы қазақ және орыс тілдерінде оқытады. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асырады.

 Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік білім беруді растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

     және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-модератор және педагог-сарапшы үшін мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 3 жыл, педагог-шебер лауазымында кемінде 5 жыл;

     және (немесе) біліктілігінің орта деңгейі болған кезде мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл.         

Кәсіби біліктілігін айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

  1. педагог (санаты жоқ):

«педагог» біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

үлгілік бағдарламаның мазмұны мен құрылымын білу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін меңгеру;

     жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;

      перспективтік жоспар мен циклограмма әзірлеу;

     тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

     ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;

     әдістемелік жұмысқа қатысу;

     балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;

     білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

     кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

  Лауазымдық міндеттер: Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда Денсаулық сақтау технологияларын қолданады.

     Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына, жас тобының үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны құрады, балалар қызметіне (ойын, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек)басшылық етеді.

     Балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады.

     Дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру жұмысын жоспарлайды.

     Қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды.

     Мектепке түсу кезінде тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды және әдетте дамып келе жатқан балаларды бірлесіп тәрбиелеу және оқыту жағдайында әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

     Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді.

     Отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады.

     Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

     Білім беру процесінің барлық субъектілерінің, оның ішінде балалар отбасының қатысуымен ұйымда «құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасын енгізеді.

      Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілері;

     психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар, санитариялық қағидалар;

     мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар.

     Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны: білім беру ұйымдарының интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде;

Бос лауазымға орналасуға құжаттарды қабылдауды«Павлодар қаласы №112сәбилер бақшасы» КМҚК Естай көшесі, 91/1жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

      1) нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБС) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) тәрбиешінің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары және электрондық мекенжайлары: 8 (7182) 54-80-75, 8(7182) 54-80-76 электронды адресі karapuziki112@mail.ru