Сенім телефоны
8(7182)548075
email: sad112@goo.edu.kz; @yasli_sad_112 on Instagram
Мекенжайы: Естай көшесі, 91/1
8(7182)548075 басшы, 8(7182)548076 вахта, 8(7182)548073 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 09.00- 13.00 Жұма 14.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күні мереке­сімен шын жүректен құттықтаймын!
05-09-2023 12:05
Сіздерді Қазақстан халқы тілдері күні мереке­сімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деп халқымыздың тағдыры үшін, тілі үшін күрескен, қазақ әліпбиінің негізін салған Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс тойланады. Сондықтан осынау атаулы күнге тіл мерекесін үйлестіріп, атап өтудің маңызы мен мәні зор. Тәуелсіздік алған уақыттан мемлекеттің сындарлы саясатымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, өзге этностардың тілдерін сақтап қалуға, оқып-үйренуге қолдаулар көрсетіліп ке­леді.
Бүгінде халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудан­дық филиалымен бірлесе ана тіліміздің мерей-мәртебе­сін арттыру мақсатында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Барлық мекеме, мектеп, балабақшада арнайы іс-шаралар өткізілуде. Біздің басты мақсатымыз – қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту.
Халқымызда «Тіл – ұлттың тірегі» деген салмақты сөз бар. Ендеше, тірегімізге тіреу болайық, Тәуелсіздігімізге сүйеу бо­лайық. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі арта берсін! Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!