Құрметті ата-аналар, балалар, әріптестер және барша қазақстандықтар!
Сіздерді көктемнің шуағын, жылулығынала келген, татулық пен жаңарудың жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз – бұл барша халқымызға ортақ, ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бірлік пен ырыстың мерекесі. Бұл күні табиғат оянып, жер жаңарып, адамдар бір-біріне тек ақ тілек арнап, береке мен молшылық тілейді. Бұл – жаңа өмірдің, жаңа үміттердің бастауы!
Осындай ерекше күні әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, шаттық пен қуаныш тілейміз! Балаларымыз әрдайым дені сау, бақытты, мейірімді болып өссін! Олардың жарқын күлкісі әр үйдің босағасын нұрға бөлеп, елімізге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Әр күніміз шуақты, әр жылымыз берекелі болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын, шын жүректен көктемнің тамаша мерекесімен құттықтаймыз!
Құрметпен, КМҚК "112 сәбилер бақшасы" ұжымы.