Бүгінгі күнде білім сапасына көп көңіл бөлінеді, себебі оқу пайдалы ғана болмай, сонымен қатар қызықты, адамның ізденгіштігі мен эрудициясындамытукерек. Осы міндетті біз тәжірибелік-эксперименталдық қызметі арқылы орындаймыз. Мектеп жасына дейінгі бала – ізденгіш, ойлаушы, қадағалаушы тұлға. Әлемді тану арқылы ол көп жаңалық ашады. Эксперименттеу мектепке дейінгі баланың зияткерлік дамуының тиімді құралы болып табылады. Осыны кез келген бала жасайды: қағазды жыртады, ойыншықты бөлшектейді, құммен, қармен, сумен ойнайды. Біздің міндетіміз – мектепке дейінгі балаға зерттеуді өткізуге көмектесу, бала үшін пайдалы, бала және айналасындағыларға қауіпсіздік жағдайын жасау. Замануй білім беру тәжірибесіндебаланың өздігінен жасаған зерттеу қызметі бағаланбайды. Біз балаға қажет нәрсені үйретуге асығамыз. Ал бала бәрін өзі зерттегісі келеді. Сондықтан баланың зерттеушілігі – әлем туралы түсінікті алудың басты қайнар көзі.
Балабақшада тәжірибелік-эксперименталдық қызметі.