Сенім телефоны
8(7182)548075
email: sad112@goo.edu.kz; @yasli_sad_112 on Instagram
Мекенжайы: Естай көшесі, 91/1
8(7182)548075 басшы, 8(7182)548076 вахта, 8(7182)548073 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 09.00- 13.00 Жұма 14.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құрметті әйел қауымы! Мереке құтты болсын!
07-03-2018 10:56
Құрметті әйел қауымы! Мереке құтты болсын!

Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні - әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде.

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем.
Сүйкімді болсаң шынымен,
Әйелің сүйсін алдымен.

Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең - әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,
Әйелдің тілін таппасаң!
Әйел қауымына арналған қаншама керемет өлеңдер жазылған. Әрине, осы күні 8 наурыз мерекесінде, табиғат оянған кезде осы өлең жолдарын неге арнамасқа. Әр балабақшада осы мерекеге орай салтанатты іс-шаралар өтеді. Біздің балабақшада балаларға арналған таңертеңгіліктер өтті. Дайындықтар ерте басталды. Тәрбиешілер балалармен өлеңдер жаттап, әңгімелесулар өткізді. Музыкалдық жетекшілер балаларға ән, би үйретті. Балалар аналар мен әжелерге сыйлықтар дайындады: өз қолымен жасалған бұйымдар, құттықтау ашық хаттар. Музыкалдық зал мен топтарды безендіру бойынша үлкен жұмыс жасалды. Балалар мерекеге әдемі, көңілді болып келді. Таңертеңгілікке қатысқан тәрбиешілер өзінің әртістілігін, шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Ата-аналар өз балалырының жетістіктерімен мақтан етеді.