НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАНЫНДА ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІНІҢ КИІЗ ҮЙ ІШІ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕСІ
Біздің балабақша өлкетану мұражайымен тығыз байланыста. Өлкетану мұражайының қызметкерлері балаларға қызықты бұйымдарды ұсынды. Осы жолы балалар теріден жасалған , әдемі безендірілген қамшыны қолға ұстап көрді. Оюланған қазақтың ұлттық ыдыстарын тамашалады. Шебермен қолымен әрленген көрпешелерге отырып көрді. Қазақтың ұлттық «Тақия тастамақ» пен «Сақина» ойындарын аса қызығушылықпен ойнады.
Балалар осындай кездесулердің тағы да болуын асыға күтеді.