Айға саяхат
2019ж. 15.10. мектепалды дайындық тобында аттестатталушы педагог Л. Л. Сабанкулованың "Айға саяхат" ҚЭМК бойынша ашық сабағы өтті. Балалар дидактикалық ойындар мен логикалық тапсырмалар арқылы сопақ геометриялық фигурасымен және оның қасиеттерімен танысты. Беске дейін тікелей және кері есепті бекітті . "Танграм" пайдаланып Айға аттанды, әуестенумен саяхат маршрутын қағаз бетіне бағдарлай отырып, "Маршруттық карта" дидактикалық ойынын қолдана отырып, сабақ соңында өз жұмысын өз бетінше бағалады.