Қазақстанда мекенжай анықтамалары жойылады
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі N 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ПИ-29923) 2019 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданды. Жоғарыда көрсетілген жоба аясында "Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттік қызметі ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап алып тасталады.