Сенім телефоны
314264
email: altin_dan@mail.ru
Мекенжайы: Шокин к.96/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 13.00-17.00
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
04-08-2022 11:07
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Балабақша ұжымымына 2022 жылғы шілде айына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ұйым қызметкерлері үшін ай сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізілді.

Жоспар:

1.«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» баяндама.

2.«Жемқорлыққа жол жоқ. Жемқорлықпен күрес қоғам борышы»

Бейнеролик

3.«Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ»

Пікірталас

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты   сауалнама

Қорытындылау

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»атты баяндама оқылды.

 Мақсаты: «Жемқорлық» туралы ұғым қалыптастыру. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.«Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.