Сенім телефоны
314264
email: altin_dan@mail.ru
Мекенжайы: Шокин к.96/1
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 13.00-17.00
Құрметті ата-ана ,балаңыз бала-бақшаға бейімделу кезінде қалай көмектесе аласыз?
05-08-2022 16:35
Құрметті ата-ана ,балаңыз бала-бақшаға бейімделу кезінде қалай көмектесе аласыз?

Баланың балабақшаға бейімделуіне ата-ананың көмегі.
(Кіші топ ата-аналарға арналған жаднама)
Ата-ана баласының бейімделуін жеңілдету үшін төмендегідей қадамдар жасағаны дұрыс:мекемемен (меңгерушімен, топ тәрбиешілерімен, дамыту және тәрбиелеу бағдарламасымен, үйге берілетін тапсырмалар мазмұнымен, күн тәртібімен, тамақтану мәзірімен, ойын алаңымен, т.б.) танысу;тәрбиешілерге бала туралы толық мәлімет беріп, оның ерекшеліктерін айту, оларға сенім білдіріп, бірлесе әрекет ету, ата-аналар жиналысына қатысып отыру;баламен әңгімелесу және ойнау балабақшаны мадақтау,яғни онда қызықты танымдық сабақтар болатынын, би билеп, ән салумен қатар суреттер салатынын айту, басқа балалар арасында ойнаумен, тәтті ботқалар жеумен қызықтыру, арнайы киімдер ,қызығушылығын арттыру, балабақша жағдайын үйде ойнау, әсіресе балаға тәрбиешінің рөлін беру,балабақшаға түсудің алғашқы күндері баланы серуендеуге қатыстырып, екі-үш сағаттан қалдырып, ойнау әрекетіне тарту, үйренуін қадағалап отыру, күнде топта болған жағдайларды сұрастырып, айтылған жайттарды үйде қайталап, өрісін кеңейту, жағымды сәттерге баса назар аудару, таңертеңгі уақытта баланы балабақшаға әкелгенде қолға ұстамау, жетектеу, топқа жіберер алдында көп әңгімелеспеу;бала үйде болғанда махаббат және қауіпсіздікті қамтамасыз ету .Міндетті түрде балабақшадан алып кететінін айту, белгіленген уақытта келіп отыру, балабақшаны жағымсыз бейнеде танытпау.Баланың қарым-қатынас аясын кеңейту, басқа адамдарға жағымды қатынас қалыптастыру, үй ауласында таза ауада жиі серуендеу, қолдау ретінде өзіне ұнаған ойыншықтарды әперу, сүйікті ойыншықтарын топта ойнауға беру, дәруменге толы әртүрлі тамақ дайындау, денсаулығын қадағалау;демалыс күндері күн тәртібін сақтау, баланың тұру уақытын 30-40 минутқа ғана кешеуілдету, үйде дербестікті қолдау, өз бетінше әрекет етуге ынталандыру.Баланың балабақшаға бейімделуінде маңызды орынды отбасы алады, себебі ата-анасына тым бағынышты балалардың жаңа ортаға тез бейімделіп кетуі екіталай. Ата-ана зейін көрсетіп, қолдау жасауға, уақытында баладан алшақтай алуға, жайсыздықта керек сөзді тауып уатуға, қажет болғанда талап қойып, оны орындатуға дайын болғаны жөн.Педагог-психолог:А.ММанова.